Skip to content

Әдістемелік идеялардың онлайн сағаты

Оқыту тиімділігінің маңызды ресурсы – оқытудың белсенді әдістері мен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді құралдарын пайдаланудың үйлесімі. Осыған орай, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында өткізілген инновациялар панорамасы аясында «Әдістемелік идеялардың онлайн сағаты» өткізілді, іс-шараға Экономика және құқық институты, сондай-ақ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты кафедраларының жаңашыл оқытушылары қатысты.

Модераторлар - инновациялық білім беру технологиялары орталығының жетекшісі Сәуле Айткужинова мен психология кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Әубәкірова.

Бұл іс-шара педагогикалық әдістемелерді дамытуға, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасауға ықпал етеді, жұмыс тәжірибесімен алмасуға, оқытушылардың кәсіби дамуына және педагогикалық ізденістерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру