Skip to content

Қазақстанның танымал фотографы өз тәжірибесімен бөлісті

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 4 курс студенттері VOXPOPULI порталының редакторы Карла Нұрмен онлайн режимде кездесті. Фотограф «Фотожурналистика» пәнінің аясында репортаждық фотография бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Карла - Қазақстандағы әлеуметтік фотожурналистика жанрын ашқан заманауи фотографтардың бірі. Ол елдің түпкір-түкпірінен 143-тен астам фото-репортаж жасады. Бұл жұмыстардың басты кейіпкерлері негізінен қарапайым адамдар.

Карла Нұр Қазақстандағы фотожурналистер жұмысының ерекшеліктері туралы айтып, өзінің құпияларымен бөлісті және студенттерге VOXPOPULI порталында жұмыстарын жариялауға мүмкіндік берді. Ол үшін студенттер белгілі бір кейіпкерді алып, сол адам туралы тарихи фоторепортаж жасаулары керек. Редактор репортаж кейіпкерін бейтаныс адамдар арасынан табуға кеңес берді. Бұл тапсырма студенттерге ұнады және оны орындау барысында белгілі фотограф өзі көмектесетінін айтты.

Карла Нұр студенттердің талғамын жоғары бағалады, суреттердің мағыналық және тақырыптық мазмұнымен жұмыс жасауға кеңес берді.

Call center - 8 (7142) 93-10-10