Онлайн форматта Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Жоғары оқу орындары арасында ғылыми-білім беру консорциумының кезекті отырысы өтті.
Кездесудің модераторы – Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Сергей Васильевич Харитончик. Сонымен қатар Беларусь тарапынан Консорциум отырысына БР Министрінің бірінші орынбасары Ирина Старовойтова, БР Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Александр Шумилин, БР-ның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Сергей Рыченко қатысты.
Консорциум отырысы үш секция жұмысымен жалғасты:
Консорциум құрамына Қазақстанның 24 және Беларусьтің 22 жоғары оқу орындары мен 3 ғылыми-зерттеу институты кіреді.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ консорциумның бір бөлігі ретінде жүйелі жұмыстар жүргізді, әріптестерін бірлескен жобалар, қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті және одан әрі серіктестік перспективаларын талқылады.
Ағымдағы жылы біздің университет Беларусь мемлекеттік аграрлық университетімен, Янки Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетімен және Баранович мемлекеттік университетімен келісімдер жасады. Басты мақсат - кадрларды даярлау, ғылыми және академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер жүргізу. Соңғы екі жылда біздің университеттің 17 студенті мен магистранты Белоруссияның жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті, ал 4 докторант ғылыми кеңестер алды.
Университетімізде ауыл шаруашылығы саласы үшін кадрларды даярлау 60 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Аймақ үшін стратегиялық маңызды және университеттің ең мықты білім беру бағдарламалары бүгінде Беларуссияның ЖОО-мен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ғылыми байланыстарға ие:
- докторанттарға кеңес беру,
- тағылымдамаларды ұйымдастыру,
- жобаларды бірлесіп орындау,
- мақалаларды жариялау.
Мұның бәрі екі жақтың ғылымының зияткерлік әлеуетін дамытуға, зерттеу дағдыларының, технологиялық даму мен инновация саласындағы дағдылардың сапасын арттыруға, ғылыми әзірлемелерге деген сұранысты арттыруға және әлемдік ғылыми кеңістікке енуге ықпал етеді. Ал бұл - ҚР білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым міндеттерінің бірі.
Ғылыми-білім беру консорциумы жоғары технологиялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға, әлемдік нарықта екі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастыққа серпіліс береді.