object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 20:55:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік негіздері

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалы «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Пәнді оқытуға жетекшілік ететін білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік негіздерінің оқытушылары мен жаттықтырушылары, сонымен қатар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен «Атамекен» аймақтық палатасының өкілдері кәсіпкерлік негіздерін және бизнес-қаржылық сауаттылықты жетілдіру мәселелерін талқылауға қатысты. Диалог алаңы шеңберінде мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылықтарын арттыру, кәсіпкерлікке үйрету жолдары жайында мәселе көтерілді.

Диалог алаңының спикерлері:

Елена Васильчук – экономика ғылымдарының докторы, П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты директорының орынбасары;

Дина Кенжебекова – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, экономика және қаржы кафедрасының меңгерушісі;

Гүлнара Нұрахметова – экономика магистрі, экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы;

Марат Бикенов – Қостанай облысындағы «Атамекен» аймақтық өкілдер палатасының бизнес-жаттықтырушысы;

Еркебұлан Жүнісов – Арқалық қалалық ҚҰ-ның әдіскері;

Гульфия Дандыбаева – Қостанай қаласының білім беру бөлімінің №2 мектеп-лицейінің директоры;

Қымбат Бірманова – Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры;

Ирина Алексеева – кәсіпкерлік және бизнес негіздерінің мұғалімі, Қостанай қаласы, №1 мектеп-лицейі;

Татьяна Бурыкина – Қостанай облысы мұғалімдерінің көркем еңбек мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі;

Амина Алипова - жеке кәсіпкер.

Кездесуге қатысушылар тәжірибе, кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін оқытудағы мәселелерді талқылады және оларды шешу жолдарын ұсынды.

Мектап жасындағы балалардың қаржылық сауаттылықтылығын арттыру, бизнеске баулу, кәсіпкерліктің негіздерін үйрету – мектеп оқушыларын болашақ өмірге даярлаудың, олардың қоғамда әлеуметтік бейімделуінің, өздерінің қаржылық жағдайын қадағалауының, ұзақ мерзімді жоспарлар құрудың және жетістіктерге жетуге жетелеудің тиімді тәсілі.

Пікірталас алаңының жұмысы нәтижесінде Қостанай облысы мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы ұсыныс жобасы қабылданды, бұл шешім А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің SMART-орталығы базасында мұғалімдердің кәсіпкерлік, бизнес негіздеріндегі біліктілігін жетілдіруге, қаржылық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы