Skip to content

«Қалдықтар және оларды өңдеу (UnWaste)» байқауы

А.Байтұрсынов атындағы В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының биология, экология және химия кафедрасы #ErasmusDays 2021 іс –шарасының аясында «Қалдықтар және оларды өңдеу (UnWaste жобасы)» атты қабырға газеттері мен плакаттар байқауын өткізді.14-16 қазан аралығында әлем бойынша ErasmusDays 2021 халықаралық күндері өткізілді, оның мақсаты – студенттерді Erasmus+ бағдарламасымен, еуропалық құндылықтармен, академиялық ұтқырлықтың артықшылықтарымен және Erasmus+ жобаларының нәтижелерімен таныстыру.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де Erasmus-тің 14 жобасы жүзеге асырылуда, оның екеуімен биология, экология және химия кафедрасы жұмыс жасайды.

«Қалдықтар мен қайта өңдеу» қабырға газеті мен плакаттар байқауы студенттер арасында экологиялық ойлауды дамытатын UnWaste жобасы аясында өткізілуде. Жобаның жергілікті үйлестірушісі - Гүлнара Юнусова.

Байқауға «Экология», «Биология», «Ветеринарлық санитария», «Физика» білім беру бағдарламаларының 40-қа жуық студенті қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды «Экология» ББ-ның 21-411-13 тобы, 2-орынды «Экология» ББ-ның 21-411-12, сондай-ақ 19-411-12 топтарының студенттері иеленді, ал 3 орынға «Биология» және «Физика» мамандығының 2 курс студенттері лайық деп танылды.

Байқаудың модераторлары - Заида Жокушева мен Әсел Токушева.

Call center - 8 (7142) 93-10-10