object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-31 04:31:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жасөспірімдермен ҚАЛАЙ жұмыс істейміз?

ҚӨУ-де маңызды әлеуметтік тақырыпта семинар өтті.

Инклюзивті тәсіл: есепте тұрған жасөспірімдермен жұмысты қалай жүйелеуге болады? Осы сауалға жауап іздеуді Қостанай ауданы мектептерінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары мен Қостанай қаласының ювеналдық полиция инспекторлары бірлесе қолға алды.

Біліктілікті арттыру семинарын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Татьяна Зуева жүргізді. Шара ««Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Асқар Жабаевпен әлеуметтік әріптестік форматында ұйымдастырылды.

«Бұл тақырыптың маңыздығы – жас буынның құқықтық ой-санасын қалыптастыруда. Баланы тәрбиелеуге тек үй мен мектеп емес, сыртқы орта мен ақпараттық кеңістік те үлкен әсер етеді. Қазіргі заманда туындайтын қиындықтарға олар төтеп беруге үйренулері қажет», – деді Аскар Жабаев.

Мұғалімдер полиция қызметкерлерімен де тығыз байланыста жұмыс істеді, бұл тәжірибе алмасу семинары кезінде айқын байқалды. Ведомстволардың міндеттері әртүрлі болса да, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар барлық бөлімшелердің көмегіне мұқтаж. Мұндай балалармен жұмыс істеуде инклюзивтік тәсілдің принциптері мұғалімдер үшін де, полиция қызметкерлері үшін де маңызды. Семинар барысында осы принциптер жан-жақты қаралды.

Әлеуметтік әріптестік – инклюзия принциптерін насихаттауда ең тиімді тәсіл. Осы бағытты нығайту мақсатында ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығында өңірдің басқа да мүдделі тараптарымен ынтымақтастық меморандумдарын жасау жұмыстары жүргізілуде.

Қабылдау комиссиясы