object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 02:54:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Заң үстемдігі - табысты экономикалық өсудің негізі

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен «Заңның үстемдігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар модераторы, Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов Мемлекет басшысының «Заң үстемдігі – табысты экономикалық өсудің негізі» деген сөзін тілге тиек етіп, аталмыш тақырыптың маңыздылығына тоқталды. Жолдауда қазіргі жаһандық сын-қатерлерді, қоғам мен мемлекеттің ішкі мәселелерін көтерумен қатар, Президент ұлтымыздың болашағы – ел жастарына үндеу айтқан болатын. «Біз, жоғары оқу орындары қызметкерлері үшін білім саласын одан әрі жетілдіру мәселелері өте маңызды»,– деді А.Табулденов. Яғни жастардың сапалы білім алуы – жарқын болашағымыздың кепілі.

Семинарға университетіміздің ғалымдары, Қостанай облысының полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Қостанай облысының полиция департаментінің тергеу басқармасы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық-атқару жүйесінің экстремистік идеологияға қарсы күрес жөніндегі мамандарын даярлау орталығының бастығы, Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция басқармасының анықтау бөлімінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру департаментінің өкілдері қатысты.

Тәжірибелі заңгерлер үшін реформаның 5 бағыты, «Құқық пен тәртіп» ерекше маңызға ие. Спикерлердің пікірінше заң үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті реформалар:

1.    Сот жүйесін жедел жаңарту және оңалту;

2.    Әкімшілік сот төрелігінің аясын кеңейту;

3.        Құқық қорғау органдарын реформалауды одан әрі жүзеге асыру, атап айтқанда:

- қоғамдық қауіпсіздікті айтарлықтай арттыру;   

- синтетикалық препараттарды қолдануға қарсы тұру;    

- интернет және телефондық алаяқтықты анықтау және залалсыздандыру бойынша ақпараттық-талдау жұмысын күшейту;   

- азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру;    

- қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қайта қарау.

Семинар соңында қатысушылар саяси мәселелерді жіті түсіндіру мақсатында бүгінгідей кездесулерді жиі өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді.

Қабылдау комиссиясы