object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 03:49:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Чех ғалымымен кездесу

Бүгін Чехияның Острава университетінің ғалымы Vitezslav Vilimek А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қоғамдық дәріс оқыды. Тақырыбы – «Академиялық ұтқырлық оқу және еңбек нарығына шығу бөлігі ретінде. Еуропалық тәжірибе».

Vitezslav Vilimek

Дәріс барысында академиялық ұтқырлықтың заманауи еуропалық тәжірибесі және оның түлектерді жұмысқа орналастырудағы маңызы жайлы айтылды. Сондай-ақ, студенттердің шетелде қысқа мерзімді және семестрлік тағылымдамадан өтулеріне қатысты заңнамадағы өзгерістерге назар аударылды және шетелдік ЖОО-да тағылымдамадан өткен түлектердің жұмыс берушілерінің талап-тілектері қаралды.

Чехиялық ғалым академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, барлық жағдайлар мен артықшылықтарды түсіндірді.

Академиялық ұтқырлық – белгілі бір академиялық кезеңге студенттерді немесе ғылыми-зерттеу оқытушыларын басқа оқу немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) оқуға, оқытуға, зерттеуге ауыстыру. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлім студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады.

Чех ғалымымен кездесу

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы жоғары оқу орындарының білім алушыларына шетел жоғары оқу орнында бір семестр болуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама екі жаққа жол жүру, медициналық сақтандыру, визаны рәсімдеу және 120 күн ішінде тұру шығындарын өтейді. Академиялық ұтқырлық географиясына Еуропалық Одаққа кіретін Болон процесіне қатысушы елдер кіреді: Болгария, Германия, Греция, Испания, Италия, Литва, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Франция, Чехия.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үлгерімі жоғары және шет тілін еркін меңгерген бакалаврдың 2-3 курс студенттері жіберіледі.

Қатысу үшін халықаралық үлгідегі тілдік сертификаттың міндетті болуы басты талап (IELTS, TOEFL, OnDaF, DELF, TCF, Goethe-Zertifikat).

«Академиялық ұтқырлық жеке тұлғаның дамуы үшін маңызды, ол әртүрлілікке деген құрметті тәрбиелеп, мәдени тұрғыдан баю мүмкіндігін береді»,-дейді Vitezslav Vilimek.

Қабылдау комиссиясы