object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 16:54:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де инженерлік академия ашылды

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де Қостанай қаласының 7-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ олардың ата-аналарына арналған инженерлік академияның тұсаукесері өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша инженерлік академия шығармашылық ойлау мен инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқушылардың инженерлік ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін болады.

Инженерлік мектептің басты мақсаттарының бірі-дарынды жастарды, ең алдымен мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау және инженерлік мамандықтар мен оқу орындарын таңдау үшін тарту. Инженерлік мектеп барлық тілек білдірушілер үшін факультатив қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Олар үшін түрлі конкурстар мен олимпиадалар өткізілетін зертханалар қызмет көрсететін болады. Ұйымдастырушылар іш пыстыратын дәрістер мен сабақтардан алыстап, академияға өз өмірін инженерияға арнағысы келетіндер ғана кіретіндей сабақтар құруды жоспарлап отыр. Олар үшін облыстың ірі машина жасау зауыттарына экскурсиялар ұйымдастырылады. Айта кетейік, Академия құрамына «Сарыакаавтопром» ЖШС,«KAMLIT KZ» ЖШС,«АгромашХолдинг» ЖШС, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинтану институты және Қостанай автомобиль көлігі колледжі кіретін машина жасау бойынша ғылыми-білім беру консорциумының арқасында құрылған.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде білімге деген көзқарасты өзгерту және техникалық мамандықтарға басымдық беру қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан.«Біз инженерлер, конструкторлар, агрономдар және бағдарламашылар елі болуымыз керек», - деді. Ол техникалық университеттерді ашып, инженерлік мамандықтарға назар аударуды тапсырды. Қазақстанда өнеркәсіптің қарқынды дамуын ескере отырып, соңғы жылдары техникалық мамандықтарға бөлінген гранттар саны да артып келеді: биыл ғана барлық гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген.  А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ бакалавриат, магистратура және докторантураның 140 білім беру бағдарламасы бойынша, оның ішінде 15 - техникалық мамандықтар бойынша даярлайды.

Инженерлік академия облыс оқушыларының назарын және қызығушылығын техникалық мамандықтарға тартады, техника және инженерия саласындағы ой-өрісін кеңейтеді және болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі деп үміттенеміз.

 

Қабылдау комиссиясы