Baitursynuly University бір апта бойы мерейтойдың құрметіне келген қонақтарды қабылдады. Олардың арасында біздің түлектеріміз де болды – бір кездері ҚӨУ қабырғасында алғашқы қадамдарын жасаған білікті мамандар.
Солардың бірі – Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан БЕКБОСЫНОВ. Күні кеше, 2002 жылы түлек атанған болатын. Бүгін міне, экономика және құқық факультетіне қонаққа келді. Бауыржан Абаевич студенттер мен оқытушыларды ҚӨУ-дің 85 жылдығымен құттықтап, әңгіме барысында прокуратура органдарының жұмысы, тәжірибе өту мүмкіндігі және болашақта жұмысқа орналасу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Осы мерекелік күндері өзінің оқыған университетіне тағы бір түлегіміз – Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары Саят ШАЙМҰРУНОВ келді. Ол өзінің студенттік естеліктерімен бөлісіп, кәсіби жолы туралы айтып, көптеген құнды кеңестер берді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының оқытушылары Жұмагүл ҚАЖЫҚОВА мен Гүлден ЖҮСІПОВА Қостанай облысы бойынша Ревизиялық комиссия атынан алғыс хаттармен марапатталды.