object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:50:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ректораттың кезекті отырысы онлайн-режимде өтті

Онлайн-режимде өткен ректораттың кезекті отырысында пандемия жағдайында шеті шыққан бірқатар мәселелер мен бағыттарды жақын арада жетілдіру ісі талқыланды.

Ректорат барысында шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарымен әріптестіктің өзекті мәселелері қаралды. Серіктестік бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын, оқу құралдарын әзірлеуге және академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде университеттің біршама Еуропа елдерімен, Ресеймен ынтымақтастықта жақсы тәжірибесі бар. Қашықтықтан оқыту платформасын кеңейтуді, онлайн оқытуды ескере отырып, қашықтықтан оқыту форматында дәріс өткізу үшін танымал ғалымдарды тартудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуда.

Мысалы, 2019 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне АҚШ, Германия, Хорватия, Польша, Ресей елдерінен 12 оқытушы шақырылды. Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ғалия Исмуратованың айтуынша, мұндай ынтымақтастық оң нәтиже берді.

Ағымдағы оқу жылында да үлкен жұмыстар атқарылды. Мысалы: Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа Дубровник университетімен бірлесіп өтінім жасалып, жіберілді, «Қазақстандағы польшалық делегатура 1941-1943 жж.» поляк және қостанайлық ғалымдардың кітаптары шығарылып, тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы Польша Республикасының Елшісі Селим Хазбиевич пен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің бірлескен II дүниежүзілік соғысының басталған уақытынан 80 жыл өткеніне арналған халықаралық форум, тағы да көптеген іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, оқу үдерісін жетілдіру және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында университеттің халықаралық, ұлттық және аймақтық кәсіптік альянстарға және қауымдастықтарға қатысу мәселелері қарастырылды, сондай-ақ стейкхолдерлердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, қайта қарауға және жетілдіруге қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Осылайша, ректораттың шешіміне сәйкес жақын арада жаңа кәсіптік стандарттарға сүйеніп білім беру бағдарламалары қайта қаралатын болады, білім беру бағдарламаларының пәндері кәсіптік сертификаттау талаптарына сәйкес бейімделіп, өзгертілетін болады.

Қабылдау комиссиясы