object(DateTime)#1033 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-18 13:01:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Педагогикалық форум: ауқымды көзқарас

Baitursynuly University-де аймақтық Педагогикалық форум өтті.

Форум «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру аясында өтті. Стратегиялық құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай облысындағы білім беру ұйымдарының өкілдері бас қосып, мамандарды сапалы даярлау үшін білім берудің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылын талқылады.

ҚӨУ базасында ауқымды шараның өтіп жатқаны кездейсоқ емес. Бұл 135 білім беру бағдарламасы бойынша 7,5 мыңға жуық студент білім алатын Солтүстік Қазақстандағы ең үздік көпсалалы университет.

Форумға қатысушылар университеттің мақтана алатын дүниелерін өз көздерімен көрді. Холлдағы көрмеде машина жасау факультетінің студенттері құрастырған роботтар, «Эколайф» клубы мүшелерінің туындылары – қайта өңделген қалдықтардан жасалған ойыншықтар, тіпті ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгілері қойылды. Оларды қытайлық студент-магистранттар өздерімен бірге алып келген.

"Сандарға қарап-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-ге сенімнің артқанын көруге болады, - деді университет ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Университет дамып келеді. Жаңа зертханалар ашып, дуалды білім беру жүйесін дамытып, академиялық ұтқырлығымыздың географиясы кеңейтіп жатырмыз. Сондықтан университетіміз «Мамандығым – болашағым» ауқымды республикалық бағдарламасының аймақтық жобалық кеңсесіне айналды. Алда талдау жұмыстары көп – Қостанай облысының болашағы зор салалары үшін жаңа білім беру бағдарламалары әзірленетін болады."

Форумда мектепке дейінгі білімнен жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейіндегі өзекті тақырыптар қозғалды.

Мектепке дейінгі білім беру педагог мәртебесі, бала тәрбиесі, оның дамуы үшін ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігін арттыру, өңір үшін кадрларды даярлау саласындағы сабақтастық пен ерте алдын алу туралы сөз болды.

Шара соңында ҚӨУ ректоры Қостанай облысындағы колледж директорларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Олардың мақсаты – кадрларды даярлауда тәжірибелік-бағдарлы тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде өзара әрекеттестік орнату.

Қабылдау комиссиясы