object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-12 23:19:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жаңа бағыттар: Қостанай – Ташкент – Турин

ҚӨУ шетелдік жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнатуды жалғастыруда.

Ауыл шаруашылығы білімі мен Жібек жолын зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың ІХ форумына жұмыс сапарымен барған Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ Ташкенттегі Турин политехникалық университетінде (TTPU) болды.

Бұл Италияның Турин университетінің филиалы. Мұнда да машина құрастыру саласының мамандарын даярлайды.

Оқу орны проректоры Алишер АШУРОВ қонақтарға университет бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

Кездесуде қос жоғары оқу орнының өкілдері ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын талқылады. Жоспарда – меморандумға қол қою.

Қабылдау комиссиясы