object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:12:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мемлекет – бизнес – университет

«2020-2025 БДМБ» жүзеге асыру жағдайында білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетовтың тапсырмаларын орындау мақсатында университеттің білім беру бағдарламаларын жетілдіру және өзектендіру жалғасуда.

Жоғары оқу орындарының академиялық, басқарушылық және кадрлық мәселелерде дербестікке ауысуы осы процеске әріптестерді тарту және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сүйене отырып, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты оқу орны білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауда, олардың кәсіптік стандарттарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, оқыту нәтижелерін, модульдер мен пәндердің мазмұнын өзектендіреді.

Университетте жүзеге асырылатын бакалавриаттың 50% білім беру бағдарламалары бойынша ғана кәсіби стандарттар әзірленді. Сәйкесінше, келесі бағыттар бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады, дайындық бағыттары мен оқытылатын пәндер келісіледі. «СарыАрқаАвтоПром» АҚ, «Жас Қанат 2000» ЖШС, облыстық ветеринариялық зертхана, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қарқын» ЖШС және облыстың басқа да жетекші кәсіпорындарында біздің университет кафедраларының филиалдары ашылды. Осылайша ҚМУ дуалды оқыту элементтерін енгізумен практикаға бағдарлауды қамтамасыз етеді.

Еңбек нарығының өзгеруіне сүйене отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес «адам ресурстарын басқару» сияқты және «Тобыл Моторс» ЖШС-мен келісілген «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» магистрлік бағдарламалары ашылуда.

Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде білімнің бірнеше саласы түйіскен үш мультидисциплинарлық магистрлік бағдарламасы ашылады. Олар: «математикалық инжиниринг және компьютерлік моделдеу», математика, физика және ІТ түйіскен мамандығы, «Компьютерлік лингвистика» синтез ІТ және филология, «тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту», экология, ауыл шаруашылығындағы технология, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, экономика және менеджмент бағыттарын біріктіреді.

Тек мемлекеттің, бизнестің және университеттің жүйелі жолы мен үш тұғырлығы ғана қойылған міндеттерді табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы