object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 16:57:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мектеп оқушыларына арналған тарихи квест

Бүгін Экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ерден Ибраев облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тарихи квест өткізді. Кафедра мен мұражайдың іскерлік қатынастары берік, студенттер тәжірибеден өтеді, оқу үрдісіне керекті мәліметтерді ала алады.

Квест Қостанай қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Квест барысында оқушылар фотосуреттердегі фрагменттер бойынша экспонаттарды іздеп, атауларын тапты.

Ойын басталмас бұрын Е.Ибраев мектеп оқушыларына А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-гі мүмкіндіктер, ЖОО-ғы инновациялық білім беру жүйелері мен құралдары, студенттердің мәдени және спорттық жетілуі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары жайында баяндап берді. Сонымен қатар тарих сабақтарының дөңгелек үстел, шағын конференциялар, тарихи квесттер, авторлық бейнежобалар жасау сияқты қызықты форматта өтетіндігі айтылды.

Іс-шара соңында мектеп оқушыларына сертификаттар,  буклеттер табыс етілді.

Қабылдау комиссиясы