ҚҚДИ сарапшысы, PhD, әлеуметтанушы Руслан Ыбырайдың айтуынша, білімнің қолжетімді болуы – жастардың болашағына жол ашатын маңызды фактор. Шетелдік жетекші университеттердің филиалдары ашылып, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы жаңарып, зерттеу жұмыстары мен ғылымды коммерцияландыруға қолдау күшейіп келеді.
«Жастарды бақытты ететін нәрсенің бірі – білім. Сондықтан олардың сапалы білім алуына жағдай жасау – ел болашағына салынған инвестиция. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп жатыр», – деді сарапшы.