object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-07 02:53:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біз қандай нәтиже күтеміз? Бұл тамаша нәтиже болмақ!

Baitursynuly University базасында University of Arizona ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеу мақсатында зерттеу орталығын ашу жоспарланып отыр

Американың жоғары оқу орнынан келген делегация Қостанайға А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ғалымдарымен кездесуге келді.

Ғалымдар Shane Campbell Burgess пен Kevin M.Fitzsimmons Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және азық-түлік өнімдерін өндіруді зерттеуге мүдделі.  

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу кезінде америкалық ғалымдар қолға алған жұмыстары мен ынтымақтастық перспективалары туралы айтып берді.

Әңгімелесу барысында қостанайлық және американдық ғалымдар ет және сүт шаруашылығы бағытында талдау және ғылыми әзірлемелермен ҚӨУ базасында айналысатын зерттеу орталығын ашу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

Делегация өкілдері университетіміздің материалдық-техникалық базасымен танысты. Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетін, сүт және ет сапасын талдау зертханасын, жемшөп сапасын талдау зертханасын, қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтын және Smart орталығын аралады.

"Аризона Университетінен келген әріптестеріміздің мақсаты – агрономия, ветеринария, биология және басқа да салаларда ғылымды дамытуға атсалысу, - деді Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев оқытушылармен кездесуде. - Басқосу нәтижесі екі жақты жоғары оқу орындарының табысты ғылыми ынтымақтастығы болады деп үміттенеміз."

Қонақтарға қазірдің өзінде аяқталып тұрған бірнеше ғылыми-зерттеу жобалары және әлі де әзірленіп жатқан жобалар таныстырылды.  

Сондай-ақ, ҚӨУ оқытушылары шетелдік әріптестері көмектесе алатын проблемалық мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, Қостанайдың әйгілі жылқы тұқымының жойылу қаупі, топырақ токсикологиясын терең зерттеу, су ресурстарын бақылау және басқа да мәселелер талқыланды.

"Біз университеттің материалдық-техникалық базасымен және оның ғылыми әлеуетімен таныстық, - деп түйіндеді Shane Campbell Burgess. - Жобаларды да зерттедік. Тақырыптарымыздың сәйкес келіп жатқаны маңызды. Біздің ғылыми қызығушылығымыз да ортақ."

Ынтымақтастық аясында біз қандай нәтиже күтеміз? Аймақтың агрономия саласындағы ғылыми және технологиялық жетістіктері артады, демек, халықтың өмір сүру деңгейі де көтеріледі.

Қабылдау комиссиясы