object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 02:42:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Кәсіптік білім және еңбек нарығының нақты қажеттіліктері

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтында «Кәсіптік білім және еңбек нарығының нақты қажеттіліктері» тақырыбында интерактивті семинар өтті. Семинарға институттың профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудың негізгі міндеттерін айқындаған болатын. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру.

Мемлекет басшысы елдің болашағы үшін стратегиялық инвестицияның маңызы зор және басты құндылық адам екенін айтты.

Президент балалар мен жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Соңғы Жолдауында еліміздің әрбір азаматы үшін тең мүмкіндіктер принципі жұмыс істеуі керектігін алға тартқан болатын.            

Баяндамашылар мемлекет жоғары білім саласындағы реформаларды жалғастыратынын атап өтті. Білім алу құны өскен сайын бөлінетін гранттар саны да көбейеді. Сондай-ақ, оқуға жылдық мөлшері 2-3 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беріледі.           

Баяндамашылар мен семинарға қатысушылар осы шаралардың барлығы жоғары білім беруді қолжетімді етеді, сонымен қатар қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді деген пікір айтты.

Семинарға қатысушылар еңбек нарығы мәселелеріне де назар аударды. Мемлекет басшысы атап өткендей, келесі жылы 100 мыңға жуық жас маман түрлі жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жұмысқа орналастырылады, сонымен қатар жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында жылдық мөлшері 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген шағын несие беру көзделіп отыр.

Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар жастар мамандықтың қыр-сырын түсінуге ұмтылуы керек, өйткені өз ісінің мамандары әрқашан жоғары бағаланады. Кейінгі ұрпақ Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс деген түйінге келді.

Спикерлер:

Берген Әбитұлы Қалақов – инженерлік-техникалық институттың директоры;

Ольга Сергеевна Салыкова – бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор;

Аяп  Конлямжаевич Курманов – профессор, машина жасау кафедрасының меңгерушісі.

 

Қабылдау комиссиясы