object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 08:04:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

ҚӨУ-де Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті тақырыптарын қозғады:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті алдын-алу басқармасының бас маманы Карина Кистубаева «Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзінде іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы бірқатар новеллалар мен осы нормалардың практикалық іске асырылуын қозғады, мысалдар, статистика келтірді, бизнесті қорғау мәселесін қозғады.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Азамат Айтмағамбет «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада мемлекеттік қызметші қабылдайтын шектеулер туралы, Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы бірқатар мәселелер қамтылды.

Әсел Ақылбекова, құқық магистрі, полиция подполковнигі жалпы мемлекеттік қызметшілердің ғана емес, азаматтық қоғам мен азаматтардың да жауапкершілігі туралы мәселені көтерді.

Диана Батырбекова А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша студенттердің жұмыс нәтижелерін талдау тақырыбын қозғады. Сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша студенттердің эсселерін талдау нәтижелерін, сыбайлас жемқорлықты қысқарту тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық тұлғасының портретін сипаттауды және т.б. ұсынды, цифрлық технологиялардың нәтижелерін де пайдаланды - жасанды интеллект сыбайлас жемқорлық мәселесін шешудің өз тәсілдерін пысықтады.

Қауымдастырылған профессор (доцент) Рашид Нұрмағамбетов зерттеуді қолдап, адам бойындағы адамгершілік, моральдық негіздерді қалыптастыру қажеттілігіне және жалпы сананың өзгеруіне, тұтынушылық қатынастан адами, табиғи, қаржылық ресурстарға бет бұруға баса назар аударды.

Кездесу барысында заңгер студенттерге де сөз берілді.

Әр тақырып дөңгелек үстелге қатысушылардың қызығушылығы мен қызу пікірталастарын тудырды.

 

Қабылдау комиссиясы