object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 12:37:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Өткенсіз болашақ жоқ

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы дата қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті және Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Конференцияның модераторы – облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов.

Алғашқы болып сөз алған облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, ҚМУ-нің іргелі зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты – Әлімжан Бекмағамбетов. Сонымен қатар, конференцияға Орал мемлекеттік заң университетінің (Екатеринбург, Ресей) мемлекет және құқық кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Владимир Мотревич қатысып, «Оралдағы 1930-1950 жж. арнайы контингент» атты баяндамасын оқыды. Ал ҚМУ-нің Қазақстан тарихы және философия кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Айдар Айтмұхамбетов «1937-1947 жж. Көкшетау аймағына арнайы қоныс аударған поляктар» тақырыбына тоқталды.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы., PhD докторы Махаббат Қозыбаева 20-30 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және оңалту процестері туралы айтты. Бұл тақырыпты оқу ордамыздың Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов жалғастырды.

1920-1950 жылдардағы кеңестік режимнің репрессиялық саяси жүйесі Сталинизмді зерттеу - қазіргі Қазақстан мен Ресей тарих ғылымының өзекті мәселесі болып қала бермек. Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А.Назарбаев қазақстандық қоғамды адамзаттың қазіргі және болашақ тарихында саяси қуғын-сүргін қайталанбауы үшін бар мүмкіндікті пайдалануға шақырады. Тоталитарлық жүйенің құрбанына айналған, жазықсыз сотталған, туған жерінен қудаланған азаматтарымыздың есімін жадымызда ұстауымыз қажет. Олардың арасында қазақтың бетке ұстар ойшылдары мен ғалымдары, ел мүддесін қорғаған ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері бар.

Өткенді еске алып, бүгінгі күнді бағалау керек, онсыз болашаққа көз жүгірте алмаймыз. Тарих сабақтарының қазіргі қазақстандық ұрпақ түсініп, жүзеге асырған кезде ғана маңызы бар.

 

Қабылдау комиссиясы