П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының азаматтық құқық және процесс кафедрасының ұйымдастыруымен «Бизнес, менеджмент, құқық» білім беру бағдарламалары тобындағы оқу үдерісін жаңғырту» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь ғылыми қоғамдастығының өкілдері мен мүдделі тараптар, студенттер қатысты.
Қазақстандағы білімді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында «мамандарды даярлау жүйесі озық кадрлармен қамтамасыз ету үлгісіне көшуі керек» делінген. Оның негізгі міндеті – аймақтық және салалық контексте жаңа мамандықтарға сұраныс пен адам ресурстарын ұсынудың тиімді сәйкестігін қамтамасыз ету. Бұл модельді құрудың негізгі буыны университеттер болады.
Құқықтық білім беруді жаңғырту – мемлекет дамуының қазіргі кезеңіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Ресей мен Беларусь елдерінің белгілі ғалымдары іс-шараға онлайн форматта қатысып, баяндамаларын оқыды.
Жұмыс берушілер оқу үрдісін жетілдіру туралы өз ойларын білдірді, атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу үрдісіне жеке оқу пәндерін енгізу туралы ұсыныстарын айтты.
Заң және экономикалық кафедралардың оқытушылары құқықтық пәндерді оқытудың ерекшеліктері мен әдістемелік ерекшеліктеріне, экономикалық емес білім беру бағдарламалары студенттерінің қаржылық сауаттылығына тоқталды.
Шетелдік және отандық ғалымдардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің бірлескен шығармашылық қызметі университеттің құқықтық және экономикалық білім беру бағдарламаларының заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.