Күн тәртібінде АНТИКОРРУПЦИЯНЫҢ болашағы

ҚӨУ-де өңірдің жоғары оқу орындарының өкілдері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті арасында диалог қалыптасты.

Кездесу тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылау.

Күн тәртібінде өзекті мәселе: биыл 2022–2026 жылдарға арналған ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аяқталады.

Бұл құжат сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрестен оның себептерін жүйелі түрде жоюға және қоғамда орнықты антикоррупциялық иммунитет қалыптастыруға көшу кезеңіндегі маңызды қадам болды.

Қатысушылар заңнамалық өзгерістерге де ерекше назар аударды: қазіргі уақытта Мәжілісте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы қаралуда. Құжат мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында департамент өкілдері мен академиялық қауымдастық алдағы кезеңге арналған антикоррупциялық саясаттың негізгі басымдықтарын талқылады.

Қабылдау комиссиясы