object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-11 20:52:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚХА: бірлік пен келісімнің кепілі

1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы мемлекет басшысының жарлығы шыққанына 30 жыл толады. Осындай айтулы күн қарсаңында Baitursynuly University-де «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен қызметі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтта өтті. ҚӨУ-дің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков, Педагогикалық институттың директоры Кенжегүл Есіркепова және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова қатысушыларға арнап құттықтау сөзін жолдады.

Жиынға ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен тілшілер қатысып, ҚХА қызметінің түрлі аспектілерін, оның келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесін талқылады. Баяндамашылар Ассамблеяның әлемде теңдесі жоқ бірегей институт екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚХА дамуының жаңа кезеңі туралы сөз қозғалды. Бұл кезең саяси институттар мен мемлекеттік басқаруды реформалаудан қоғамның өзін, құндылықтар жүйесін және қоғамдық сананы жаңғыртуға көшуімен сипатталады.

Қабылдау комиссиясы