object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-28 13:10:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс

Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады

 Құрметті білім алушылар 2023 жылғы 01 шілдеге дейін  2022-2023 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін,  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 24-тармағына сәйкес өткізіледі.

Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте А, А – ("өте жақсы") бастап В+, В, В–; С + ("жақсы"), бұдан әрі  бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалау.

Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерленген құжаттар папкада сақталады, папканың аты  -бос грантқа үміткердің Тегімен белгіленеді.

Босаған гранттар (2022-2023 ж.ж. екінші жартыжылдық)

Құжаттарды қағаз және электронды түрде институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.

 Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Басқарма Төрағасы – ЖОО ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы білім алушының өтініші. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).

Бос гранттан бас тартуға өтініш үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Бос гранттан бас тартуға өтініш үлгісі  орыс тілінде (жүктеу).

  1. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Бүкіл оқу кезеңіндегі Транскрипт (жазғы сессия емтихандарын аяқтағаннан кейін Платонустың жеке кабинеті арқылы тапсырыс беріңіз)

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты – 8 (7142) 54-58-74 (ішкі 156)

В. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институты – 8 (7142) 55-84-67

А. Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институты – 8 (7142) 55-84-54

П. Чужинов атындағы экономика және құқық институты  -  8 (7142) 51-11-58

Қабылдау комиссиясы