object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-28 13:20:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

2024 күнтізбелік жылдың бірінші жартыжылдығында қр президентінің стипендиясын алуға конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар, 2024 жылдың 04 қаңтарына дейін 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Президенттік стипендияны тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияны тағайындау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
  2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

Үміткердің 2023 жылындағы, құжаттармен расталған жетістіктері ескеріледі.

Үміткерлерді іріктеу тәртібі:

  1. Үміткер тізбеге сәйкес құжаттар пакетін институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және 2024 жылғы 04 қаңтарда Комиссия хатшысына табыс етеді;
  2. Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.

Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:

  1. Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке, Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  2. Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші, (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон). Файл атауы: Тегі_өтініш.doc;
  2. (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон)
  3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  4. Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (оның ішінде 2023-2024 ж.ж. қысқы сессиясының барлық емтихандарының нәтижелері). Платонус арқылы жеке кабинетте транскриптке тапсырыс беріңіз. Файл атауы: Тегі_удостоверение.doc
  5. Үміткердің 2023 жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т. б.). Әр құжат жеке файлға сканерленеді: Тегі_ Құжаттың атауы. Растайтын құжаттары бар барлық файлдар Фамилия_ Жеке жетістіктер папкасына жиналады.
  6. Өтініш, куәлік, транскрипт сканері бар файлдар және жеке жетістіктері бар папка папкаға жиналады: Папка атауы: Үміткердің Тегі, Аты, Әкесінің Аты.

Үміткердің құжаттары бар қалта үлгісі:

Құжаттарды институт директорының / факультет деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2024 жылғы 04 қаңтарға ақпанға дейін қабылдайды

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Қабылдау комиссиясы