Тағылымдама бағыты: Жаратылыстану ғылымдары
Ғылыми тағылымдама тақырыбы: Қоршаған орта экологиясы. Метеорология.
Тағылымдаманы өту мерзімі: 18.09.2023-18.12.2023 ж.
Тағылымдаманың нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы ғылым Және жоғары білім Министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналда «Field practice as a means of developing students' research skills (based on the scientific internship data in Sofia)» тақырыбында, сондай-ақ, Ecologia Balkanica журналында «Study of Soils in Mountain Ecosystems in Bulgaria», «The relationship of atmospheric pollutants and meteorological variables for the Sofia region» тақырыптарында ғылыми мақалалар жарияланды.
- 21.09.2023-02.10.2023 ж. Орман-техникалық университетінің профессоры М.Дончева-Боневаның дәрістеріне қатысу.
- 09-13.10.2023 ж. Далалық тәжірибеге қатысу (су көздерінің үлгілерін жинау) және атмосфералық ауаның жай-күйін мониторингілеудің стационарлық пункттеріне бару.
- 16-20.10.2023 ж. Топырақтану бойынша далалық практикаға қатысу.
- 26-27.10.2023 ж. Болгария Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Зерттеу инфрақұрылымын дамытудың ұлттық жол картасы (2020-2027)» жобасына қатысу (далалық материал жинау).
- 10.11.2023 ж. «Экология саласындағы ғылыми зерттеулер. Болгария Республикасы, София қаласындағы орман шаруашылығы университеті ғалымдарының тәжірибесі».
- 20-24.11.2023 ж. София қаласындағы Орман-техникалық университетінің "Экология және ландшафтық архитектура" факультетінің 50 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу.
- 20.11.2023 ж. «Ағаш қалдықтары және оларды кәдеге жарату» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысу.
- 23.11.2023 ж. «Білім-Ғылым-Бизнес» контекстінде «Экология және қоршаған ортаны қорғауды оқыту» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысу.
