Skip to content

«Қалдықтарды басқару» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы серіктес елдердегі айналымды экономиканы жылжыту» (UnWaste)

Жоба атауы: Қалдықтарды басқару магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы серіктес елдердегі айналымды экономиканы жылжыту(UnWaste)

Жоба нөмірі: 618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP

Жобаны іске асыру мерзімі: 15.01.2021– 14.01.2024

Жобаның өзектілігі: Еуропалық Одақтың ERASMUS + бағдарламасы білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғыртуға және тұрақты дамытуға бағытталған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Қалдықтарды басқару» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жолымен циркулярлық экономиканы дамыту» жобасын іске асыруға кірісті. Жобаның серіктестері қолданыстағы дағдылар мен тәжірибелер арқылы максималды синергетикалық әсерді қамтамасыз ететіндей етіп таңдалды. Консорциум өңірлік билік органдарының, қоғамдық коммерциялық емес ұйымдардың, салалық серіктестердің саяси қолдауымен нығайып келеді, бұл қатаң және жұмсақ дағдыларды дамыту тұрғысынан теңдестірілген магистрлік бағдарламаны дамытуға мүмкіндік береді. Өңірлік дамуға әріптес елдердің барлық университеттері сараптама саласындағы Өңірлік даму процестеріне, яғни практикада оқытуды және инженерлік білім беруді дамытуға (Қостанай және Санкт-Петербург), басқарушылық дағдыларды дамытуға және soft skills (Қазан және Көкшетау) және бизнеспен байланысты пәнаралық курстарды біріктіруге (Ростов және Нұрсұлтан) терең тартылу есебінен қол жеткізілетін болады. Осылайша, әріптес елдердің әрбір институты ЕО басшылығынан ғана емес, құрылған консорциум шеңберіндегі синергиядан да пайда көреді.

Серіктестер:

  • Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті;
  • Ростов мемлекеттік экономикалық университеті;
  • "ТИСБИ" басқару университеті;
  • Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
  • Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  • Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ескертпе: жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы сайттың мазмұны университет жауапкершілігінің мәні болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын көрсетпейді.

Ынтымақтастық
Call center - 8 (7142) 93-10-10