ERASMUS+ - Еуропалық Одақтың білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған жаңа бағдарламасы.
25 жылдан астам уақыт ішінде Еуропа Эразмус бағдарламасына демеушілік жасады, бұл үш миллионнан астам еуропалық студенттерге оқуының бір бөлігін басқа еуропа елдерінің жоғары оқу орындарында өткізуге мүмкіндік берді. ERASMUS+ бұл мүмкіндіктерді планетаның басқа бөліктеріндегі студенттер мен университет қызметкерлеріне ашады.
Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО өз студенттерін, ғылым докторына кандидаттарды немесе персоналды бағдарлама елдерінің тізімінен басқа серіктес ЖОО-ға жібере алады және керісінше. Студенттер шектеулі уақыт аралығында (3 айдан 12 айға дейін) шетелде оқуға мүмкіндік алады. Ұтқырлық кезеңінен кейін студент оқуын аяқтау үшін өз университетіне оралады.
ERASMUS+ бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті Острава университеті, Чехия, Лодзь университеті, Польша және Хоэнхайм университеті, Германия сияқты жоғары оқу орындарымен институционалдық келісімдерге қол қойды.
Қатысуға қойылатын басты талап халықаралық үлгідегі тілдік сертификаттың (IELTS, TOEFL, OnDaF, DELF, TCF, Goethe-Zertifikat) міндетті түрде болуы болып табылады!
Сондай-ақ ағылшын тілінде ресімделетін төмендегі құжаттар қажет:
Негіздеме хатында мыналар болуы керек: