object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-19 18:34:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік және отандық мәдениеттегі балалық шақ және балалар әдебиеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2024 жылғы 22 қарашада «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік және отандық мәдениеттегі балалық шақ және балалар әдебиеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференцияның негізгі мақсаты: мәдени-тарихи аспектідегі балалық шақ құбылысын талдау және түсіну.

Конференция шеңберінде келесі бағыттар бойынша сессиялардың жұмысы жоспарланған:

  1. Балалық шақ пен балалар әдебиеті әлеуметтік-мәдени феномендер ретінде (филологтар, мәдениеттанушылар және философтар үшін).
  2. Балалық шақты зерттеудегі тарихи-антропологиялық тәсіл.
  3. Оқу үдерісіндегі оқулықтар: отандық және шетелдік тәжірибе (педагогтар үшін).
  4. Әдебиеттің бала тұлғасының қалыптасуына әсері (психологтар үшін).

Конференция барысында Қазақстан және шетелдің жетекші ғалымдарының қатысуымен қашықтық форматтағы секциялар ұйымдастырылады.

Конференция жұмысына ғылыми-педагогикалық ұжымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Жол жүруге және тұруға байланысты іссапар шығыстары іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерді 2024 жылғы 17 қарашаға дейін төменде ұсынылған нысандар бойынша өтініш және баяндама мәтінін ұйымдастыру комитетінің tarih.kostanay@gmail.com электрондық мекенжайға ұсынуды сұраймыз. Файл атауында бірінші автордың тегі және секция бағытының № көрсетіледі. Конференция материалдары бойынша PDF форматында баяндамалардың электрондық жинағы жарияланады. Жариялау тегін.

Өткізу уақыты мен орны:

Пленарлық сессия 2024 жылғы 22 қарашада сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118, 2 қабат, конференц-зал офлайн және онлайн режимінде өтеді.

Конференцияға қосылу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/85897309500?pwd=0haoJOvaG4mMXKmKbNnY4hCmcaDFo5.1

Конференция идентификаторы: : 858 9730 9500

Код: 357915

Ақпараттық хат

Қабылдау комиссиясы