Шетел филологиясы кафедрасының кеңейтілген отырысында 8D02302 Шетел филологиясы (ағылшын тілі) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Яна Сергеевна Талыбованың «Университет веб – сайттарының дискурсындағы метафораның ақпараттық - стратегиялық әлеуеті» тақырыбындағы докторлық диссертация алдын ала қорғалады.
Диссертациялық жұмысты алдын ала қорғау 2026 жылғы 22 маусымында сағат 11.00-де Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі 47, бас ғимарат, 108 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.