object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-27 17:15:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 2024-2025 оқу жылына академиялық ұтқырлыққа қабылдау ашық екенін хабарлаймыз!

Академиялық ынтымақтастық туралы келісім аясында ПМҰЗУ бір триместрде (2024 жылғы қыркүйек-желтоқсан) 10 студентке дейін оқуға қабылдауға дайын.

Білім беру бағдарламаларымен Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://www.psu.ru/obrazovanie/vysshee-obrazovanie/postuplenie-983475/bakalavriat-i-spetsialitet/napravleniya-podgotovki-bakalavrov.

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде оқуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. толтырылған өтініш формасы (студенттің таңдауы бойынша Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде білім беру бағдарламасы);
  2. халықаралық төлқұжаттың және/немесе жеке куәліктің сканерленген көшірмесі (халықаралық паспорт күтілетін кіру күнінен бастап кемінде 18 ай жарамды болуы керек);
  3. транскрипт (баға кітапшасынан үзінді);
  4. ECTS оқу келісімінің жобасы (оқу бағдарламасы).

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жыл 1 маусым.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (бас корпус, 303 кабинет, 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00) хабарласуға болады.

Қабылдау комиссиясы