Мақсат 9: Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және орнықты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында барлығына бірдей қымбат емес және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылыммен бірге сапалы, сенімді, орнықты әрі берік инфрақұрылымды дамыту.
  • Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру.
  • Әсіресе дамушы елдерде ұсақ өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың қаржылық қызметтерге, соның ішінде қымбат емес кредиттерге қолжетімділігін арттыру және олардың өндіру-өткізу тізбектері мен нарықтардағы интеграциясын күшейту.
  • 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды тұрақты етіп қайта жабдықтау.
  • Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, соның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында (ҒЗТКЖ) 1 миллион адамға есептегенде жұмыскерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір арттыру арқылы.
  • Африка елдерін, ең аз дамыған елдерді, дамушы елдерді, теңізге шыға алмайтын елдерді және шағын аралдағы дамушы мемлекеттерді қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды арттыру есебінен экологиялық орнықты және берік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу.
  • Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулерді және инновацияларды, соның ішінде, атап айтқанда өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызатын саяси климатты жасау арқылы қолдау.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және 2020 жылға қарай ең аз дамыған елдерде интернетке деген жалпыға ортақ және қымбат емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу.

Жаңалықтар

Стейкхолдерлерге БЕЛГІЛІ

Еңбек нарығының сұраныстарына ҚӨУ-нің оқыту тәсілдері қаншалықты сәйкес келеді? Педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасы осы сұраққа жауап іздеді. Мұнда «Жаратылыстану бағыты бойынша білім беру бағдарламаларындағы қолданбалы...

КӘСІБИ біліктілікті арттыру

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттері мен оқытушылары дәстүрге айналған «Агро Қостанай – 2026» атты 13-ші мамандандырылған көрмеге қатысты. Атап айтқанда, аграрлық техника және көлік кафедрасының «Аграрлық...

Болашақ ұрпақ үшін маңызы зор қадам

ҚӨУ педагогикалық институтында «ҚР Жаңа Конституциясы: болашақ ұрпақ үшін маңызы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан институт оқытушылары еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер жобасын қызу талқыға салды. ҚӨУ экономика және...

Ата Заң туралы. ҚАРАПАЙЫМ тілмен

ҚӨУ педагогикалық институтында «Конституция және азамат: қарапайым тілмен» атты еркін форматтағы дәріс өтті. Студенттерге арналған бұл тағылымды кездесуді заң ғылымдарының магистрі, ҚӨУ қылмыстық және азаматтық құқық және процесс...
Барлық жаңалықтар