object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 17:20:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жылдың үздік психологы» - Қостанай өңірлік университетінің түлегі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қалыптасу және даму жылдарында оның мәртебесі мен әлеуметтік мәні өзгерді, өзгермеген тек бір-ақ нәрсе – ол түлектерінің жетістіктерін зор мақтанышпен дәріптеу. Үздік түлектеріміздің жетістіктері мен көпшілікті мойындатқан қызметі оқу ордамыздың беделін асқақтатады, сондай-ақ Қостанай өңірлік университеті жаңа өмірге лайықты бастама беретіндігін дәлелдейді.А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің түлегі, психология ғылымдарының магистрі Аслан Манатов Ақмола облысы, Жарқайың ауданы білім бөлімінің Гастелло орта мектебінде психолог болып жұмыс істейді. Дарынды психологтарды анықтау және қолдау, одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сонымен қатар озық тәжірибелерді насихаттау және тарату мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген «Жылдың үздік психологы» байқауында Аслан Манатов «Авторлық коррекциялық-дамытушылық бағдарламаның және психология бойынша элективті курс бағдарламасының презентациясы» атты жобасын ұсынды. Жоба үздік деп танылып, Аслан «Жылдың үздік психологы» IX республикалық байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, IX республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауы орта білім беру ұйымдарының психологтары арасында өтті. Аслан бұл сайысқа аса белсенділікпен қатысты, облыстық деңгейдегі 1 кезеңнен өтіп, финалға жолдама алды. Финалға барлығы 97 адам қатысты. Әр өңірдің үздік психологтары жиналған додада Аслан жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз! Мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы