Өздеріңіз білетіндей, 1 наурыз көктемнің басы ғана емес, бұл күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қиын өмірлік жағдайдаға тап болған балаларға арналған қолдау орталығының жеткіншектеріне мерекелік ашықхат жасау шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара Community Service пәнінің аясында арнайы білім кафедрасының аға оқытушысының жетекшілігімен өтті.
ҚӨУ студенттері Александра Безрукова, Саша Воронина, Диана Бажакова және Наталья Яцкевич балаларға Алғыс айту күнінің тарихы туралы айтып берді. Олар бұл күні қазақстандықтар қиын сәтте көмек қолын созғаны, немқұрайлы қарамағаны үшін бір-біріне алғыс айтады деп түсіндірді.