П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғылыми-білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар мейірімді, жанашыр адамдардың ордасы. Біздің оқытушылар мен студенттер қоршаған әлемнің проблемаларына әрқашан бей-жай қарамайды. Бүгінде біздің студенттер «Жеңіс ұрпақтары» еріктілер іздеу клубының мүшелері болып табылады, оның мақсаты - «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіне хабарсыз кеткен және тұтқынға түскен сарбаздар туралы мәлімет жинауға көмектесу.
Бүгін, алға қойылған міндетті жүзеге асыру аясында клуб мүшелерінің «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Отырысқа Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев те қатысты. Мұрат Жанатайұлы біздің студенттерге іздестіру жұмыстарын жүргізудегі бастамашылығы үшін алғыс айтты, студенттерге іздеу жұмыстарын жүргізу әдістері туралы айтып берді, сонымен қатар оның қаншалықты маңызды және жауапты екенін атап өтті.
Қоғамдық бірлестік қызметкері Дана Жолдабекова студенттер алдында сөз сөйлеп, «Саксонские базы данных» және «Память народа» порталы арқылы іздеу жұмыстары қалай жүзеге асырылатындығын көрсетті.
Кездесу қызықты, әрі мазмұнды болды. Студенттер барлық қойылған сұрақтарға толық жауап алды.