object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 05:47:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жастар ресурстық орталығына саяхат

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Әсия Үсембаеваның жетекшілігімен «Жастар ресурстық орталықтары: мақсаттары, міндеттері және қызметтері» тақырыбында педагогикалық мамандықтардың 3 курс студенттеріне арналған саяхат семинарлар апталығы аяқталды. Семинарлар «Жастар саясаты және тәрбие жұмысының әдістемесі» пәні бойынша Жастар сарайындағы Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығының базасында өтті. Орталықтың қызметкерлерінің дені ҚӨУ-нің түлектері.

Жастар ресурстық орталығы – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін орын. Олардың басты қызметі – жастарға қатысты мәселелерді анықтау, мемлекеттік бағдарламаларды жастарға түсіндіру, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру, түрлі жәрмеңкелер, мәдени шаралар ұйымдастыру, әлеуметтік зерттеулер, талдамалық жұмыстар жүргізу.

Саяхат семинар барысында үшінші курс студенттері Жастар ресурстық орталығының қызметімен танысты. Атап айтқанда, жастардың бастамаларын сүйемелдеу және қолдау түрлері: заңгердің, салық төлеуші мен психологтың тегін кеңестері, жастарға арналған Мемлекеттік бағдарламалар, еріктілердің қызметі туралы және қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалар жайында ақпараттармен қанықты. Мысалы, студенттер «Жас Коста!» жобасына, «Күзгі фестиваль» іс-шарасына, КВН-ға, киберклубқа қатысуға, сонымен бірге волонтерлік қызметтің әртүрлі салаларында және т.б. бағыттарда өздерін сынауға шақыру алды.

«Саяхат семинарды сәтті өткізгені үшін ЖРО ұжымына және оның жетекшісі Абай Дүйсековке алғысымызды білдіреміз»,-дейді Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары.

Қабылдау комиссиясы