object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:25:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жас оқытушы» байқауының нәтижесі белгілі болды

Экономика және құқық институты институттың 35 жасқа дейінгі оқытушылары қатысқан «Жас оқытушы» байқауының қорытындысын шығарды. Финалға шыққан бес қатысушының арасынан байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтап, сайыскерлерге сыйлықтар тағайындады. Комиссия өз таңдауын жасады және таңдау әділ болды.

Байқау нәтижесінде 3 орын және 2 номинация ұсынылды.

«Шығармашыл оқытушы» номинациясының лауреаты педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының оқытушысы Айна Рахматулина дипломмен марапатталды және университет эмблемасы бар кружка сыйға тартылды.

«Дарынды оқытушы» номинациясының лауреаты – әлеуметтік ғылымдар магистрі, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Сүлейменова, ол да дипломмен марапатталды және университет эмблемасы бар кружкаға ие болды.

3 орынды Нұргүл Әубәкірова – педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының оқытушысы жеңіп алды, ол дипломмен және университет эмблемасы бар сөмкемен марапатталды.

2 орынға әлеуметтік ғылымдар магистрі, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Кәкімбек лайық деп танылды. Гүлнұрға сыйға қойын дәптер тартылды, диплом табысталды.

Ал өзгелерден оза шауып, бірінші орынға ие болған экономика ғылымдарының магистрі, экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Индира Баязитова. Жеңімпазға диплом мен университет эмблемасы бейнеленген сағат сыйға тартылды.

Қабылдау комиссиясы