Өткен демалыс күндері дәстүрлі «Жас буындар кубогы» республикалық турнирі өтті. Ұйымдастырушы – «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубы. Барлығы 36 команда қатысты. Сайысқа Қостанай, Көкшетау қалаларының университеттері мен колледждерінің студенттерімен қоса, мектептердің де пікірсайыс клубтары қатысты. Турнир британдық-парламенттік форматта өткізілді.
Барлық қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін көрсетті. Турнирдің бас төрешілерінің бірі – Челябинск қаласының спикері Алексей Пахомов.
Турнирдің финалында «Полтора метра ярости и Санжа» (Санжар Мұқашев, Алина Крун), «Wakanda forever» (Аружан Айтмұхамбет, Диляраханым Джумабекова), «Беспощадные хомячки» (Юлия Педан, Анастасия Шидловская), «Дистрик 12» (Валерия Бархатдинова, Евгения Дордий) командалары кубок үшін күресті. Нәтижесінде «Беспощадные хомячки» командасы жеңімпаз атанды («Ахмет Ұрпақтары» ПК).
Турнирдің үздік спикері – Көкшетау қаласының «Молот» ПК-ның мүшесі Аружан Айтмұхамбет.