П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай облысының орта мектеп оқушыларымен онлайн режимінде кездесулер өткізуді жалғастыруда. Бүгін кезекті кездесу Жангелдин ауданының оқушыларымен өтті.
Болашақ студенттерге институтта жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы айтылды. Мектеп оқушылары ұсынылған материалдардың арқасында институттың білімдік және ғылыми әлеуетімен танысуға мүмкіндік алды. Мектеп оқушылары арасында Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға байланысты ақпарат ерекше қызығушылық тудырды. Қазірдің өзінде, пандемия жағдайында университет студенттері бұл бағдарламаны онлайн режимде өте алады. Мектеп оқушыларына зертханалар мен мамандандырылған аудиториялар көрсетілді, онда институт студенттері теориялық оқумен қатар практикалық дағдыларды игереді. Сондай-ақ оқушыларға университеттегі жеңілдіктер жүйесі туралы ақпарат берілді.
Мектеп түлектерінің назарына «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Психология», «Журналистика және коммуникациялық менеджмент», «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» оқу бағдарламалары ұсынылды.
Экономика және құқық институты талапкерлерге ақпарат беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Мектеп оқушыларына оқу орнының ғылыми, әдістемелік және материалдық-техникалық базасын таныстырады. ҚӨУ-де бар мүмкіндіктердің арқасында жастар еңбек нарығына сай мамандық иесі атанары сөзсіз.