П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру шеңберінде талапкерлермен онлайн кездесулер өткізуді жалғастыруда. 2021 жылдың 19 қаңтарында институт ұжымы мен Алтынсарин ауданы орта мектептерінің оқушыларымен кездесуі өтті.
Кездесудің ұйымдастырушысы институт директорының Мансап және жұмыспен қамту бойынша орынбасары - Елена Васильчук.
Алғашқы болып Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов сөз алды. Әлібек Нұрмағамбетұлы Институт жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын университеттің ғылыми-зерттеу және әкімшілік бөлімі екенін атап өтті. Ол экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлау – институт қызметінің басты мақсаты екенін айтты. Сонымен қатар институттың экономикалық, құқықтық және гуманитарлық бейіндегі кадрларды даярлайтын жоғарғы білім беру бағдарламаларының 10, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің 14 мамандықтары бойынша күндізгі және қашықтықтан, негізгі және қысқартылған форматта оқытатындығы жайында хабарлады:
Кездесуде «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Журналистика», «Психология» мамандықтарының артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы кафедра қызметкерлері түсіндіріп берді.
Спикерлер өз сөздері барысында Институттың білім беру бағдарламаларына жан-жақты сипаттама беріп, әр мамандықтың қызмет саласын, сонымен қатар біздің түлектерді жұмысқа орналастыру перспективаларын атап өтті.