Кеше П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының өкілдері мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Жітіқара ауданына барды. Институт директоры Әлібек Табылденов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров, бухгалтерлік есеп және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Айдар Байкин, қылмыстық құқық және процедура кафедрасының аға оқытушысы Ермек Асқаров Жітіқара ауданының гимназия түлектерімен, Естай Есжанов атындағы №9, №4, Мұса Шожанов атындағы №2, №12, №10, орта мектептердің 11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында университет өкілдері барлық мамандықтар мен университеттің институттары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылар әскери кафедра туралы, жеңілдіктер туралы ақпарат алды.