object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-27 03:04:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Жұмыс берушілермен кездесу

П. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының Экономика және қаржы кафедрасы студенттердің «Халық банкінің» өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде «Халық банкі» қаржы секторындағы өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдеді. Қаржы және экономика білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері банктің өнімдерімен, тұтынушыларғы көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Кездесу барысында студенттер «Халық банкінің» қосымшасына тіркеліп, 500 теңге көлеміндегі бонусқа ие болды.

Коммерциялық банктердің қалыптасу мәселелері бойынша №3 дербес сервис орталығының бастығы Сания Григорьева проблемалық дәріс оқыды. Өнім және қызмет түрлері туралы №1 дербес сервис орталығының орынбасары Татьяна Новикова баяндап берді. Ал студенттердің сұрақтарына аға менеджерлер Айгүл Әмірбек пен Анель Өмірзақова жауап берді.

Кездесу қызықты, әрі танымды болды.

Қабылдау комиссиясы