Бүгін онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында Агрономия, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары, Биотехнология білім беру бағдарламаларының магистранттары үшін жұмыс берушілермен - Қостанай облысының жетекші кәсіпорындарының мамандарымен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары:
Әнуар Қазиев - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» басшысының орынбасары; Борис Князев - ЖШС директоры (Қамысты ауданы), Қазақстанның Еңбек Ері;Омар Молдабеков - «Дала» ЖШС директоры (Жітіқара ауданы);Сания Түлкібаева - «Заречное ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің ғылыми хатшысы;Жандос Көшекбаев - «Тұрар» ЖШС директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары (Федоров ауданы).
Іс-шараны ұйымдастырушы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары және агрономия кафедра қызметкерлерінің айтуынша жұмыс берушілердің студенттермен онлайн-платформа форматындағы кездесуі студенттерге заманауи еңбек нарығына бейімделуге көмектеседі және кәсіптік бағдар беру және болашақ жұмыс орнын таңдау сияқты нақты мүмкіндіктер ұсынады.