Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодардағы Жоғары инновациялық аграрлық колледжі ұйымдастырған турнирге еліміздің 100-ге жуық мықты пікірсайысшылары қатысты.
Сайысқа Қазақстанның 10 облысынан жиналған 15-тен астам жоғары оқу орындарының 96 студенті, 48 команда қатысты.
Турнирдің тақырыптары әртүрлі болды: ойдан шығарылған тақырыптар, өзекті мәселелер де көтерілді, мәселен халыққа салық салуды жою, адам құқығын бұзу, балалардағы түрлі қабілеттердің дамуы, вакцинация және тағы басқалар.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің абыройын бұл турнирде «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының өкілдері қорғады.
Турнир жеңімпаздарының арасында ҚӨУ-нің Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институтының «Электротехника» мамандығының 2-курс студенті Мұратхан Шүйіншібаев бар. Ол «Үздік спикер» номинациясының жеңімпазы атанды.