«Жылдың үздік кураторы» байқауы - бұл университеттің дәстүрлі, имидждік іс-шарасы. Биылғы жылы байқаудың шағын мерейтойы - 5 жылдық тарихы бар.
Байқаудың финалына институттардағы іріктеу кезеңінен сәтті өткен 4 куратор қатысты. Олар студенттерімен бірге «Куратор студенттің көзімен» атты бейне байқауында, «Біз де студент болғанбыз» шығармашылық байқауында және «Стандартты емес сұрақ - қызықты жауап» жеке байқауында өздерінің өнерлерін, студенттермен қарым-қатынасын, алғырттықтарын көрсете білді.
Нәтижесінде, Инженерлік-техникалық институтының студенттері мен кураторлары Қайрат Шаяхметов бейне конкурста ерекшеленді, шығармашылық байқауда онлайн-сабақ үзіндісімен және латынамерикалық стильдегі нөмірімен педагогикалық институттың өкілдері таң қалдырды. Ал жеке сайыс барысында Экономика және құқық институтының оқытушысы Лилия Байжанова тамаша нәтиже көрсетті. Ең әсерлі шыққан Ауылшаруашылық институтының қойылымы.
Әділ қазылар алқасы үшін үздіктерді таңдау қиынға соқты. Бірақ байқау болғандықтан, сайыстың қорытындысы да болуы керек. Қазылар алқасының жиынтық бағасы бойынша Айнаш Анасова ең көп ұпай жинады. Екінші орын Қайрат Шаяхметовке бұйырды. Үшінші орынды Лилия Байжанова мен Бизада Тоқтарова бөлісті.
Байқау жеңімпазы Айнаш Бектұрсынқызы іс-шараны ұйымдастырған университеттің Жастар саясаты департаментіне ризашылығын білдірді. Педагогикалық институт кураторларының мұндай байқауға бірінші рет қатысып отырғанын атап өтті.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, қызметте табыс, шабыт тілейміз!