А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де жатақханада тұратын студенттер арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау шеңберінде волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 3 жатақханадан 5 команда қатысты, 3 ерлер, 2 қыздар командалары. Командалар арасындағы қызу тартыстың нәтижесінде үздіктер анықталды. Волейболдың нағыз шеберлері №2 жатақхана тұрады екен. Жігіттер арасында да, қыздар командалары ішінде де үздік ойын көрсеткен №2 жатақхана тұрғындары. Олар кубок иегерлері атанды. Ал қалған командалар қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен мараппаталды. Мұндай жарыстар студенттерді ұйымшылдыққа, командамен жұмыс істей білуге тәрбиелейді. Сонымен қатар Елбасы айтқандай: «Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы». Демек, іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Жігіттер командаларының ойын көрсеткіші:
1 орын – №2 студенттер үйі (Абай көшесі, 32)
2 орын – №1 студенттер үйі (Пушкин көгесі, 138)
3 орын – №3 студенттер үйі (Пушкин көшесі, 133)
Қыздар командаларының ойын көрсеткіші:
1 орын – №2 студенттер үйі (Абай көшесі, 32)
2 орын – №1 студенттер үйі (Пушкин көшесі, 138)