Шетел филологиясы кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттері оқытушылары Юлия Шадецкаямен бірге А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын Ресейлік студенттерге Қазақстан туралы қызықты, интерактивті презентация дайындады.
Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің студенттері (МГТУ, Ресейдің Орехово-Зуево қаласы) Қостанай қаласымен, Қазақстанның әсем жерлерімен танысып, бір-бірімен қазақша амандасуды, қоштасуды үйренді. Сонымен қатар Наурыз мейрамы, қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы қызықты деректермен танысты.
Мұндай онлайн-кездесу екі ел студенттері арасындағы мәдени алмасудың жақсы дәстүрінің бастамасы болды деп сенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, жақында екі ЖОО, ҚӨУ мен МГТ, виртуалды академиялық ұтқырлық туралы келісімге қол қойға болатын. Жобаға сәйкес МГТУ-дың 273 білім алушысы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің 350 студенті 9 пән бойынша виртуалды академиялық ұтқырлықтан өтеді.