object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 02:28:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университеттің үздік қызметкерлері

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Айдың үздік қызметкері» университеттік байқауының наурыз айындағы қорытындысы шығарылды.

Конкурс барлық санаттағы қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен біліктілігін арттыру, мақсатқа жету үшін олардың жұмысын ынталандыру және команда алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу, сондай-ақ кадрлардың сапалы резервін қалыптастыру үшін перспективалы қызметкерлерді анықтау мақсатында өткізіледі.

Айдың үздік қызметкері конкурсқа қатысуға өтініш берген университеттің әр құрылымдық бөлімшесінің басшысының ұсынысы негізінде анықталады. Конкурс ай сайын өткізіліп, үздік қызметкерді таңдау есепті айдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, ол үшін университет комиссия құрды. «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкер ректордың мақтау қағазымен марапатталады. Оқу жылы ішінде бірнеше рет «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкерлер оқу жылының соңында ақшалай сыйлыққа ие болады, ал үздік қызметкерлердің фотосуреттері университеттің ресми сайтында орналастырылады.

Наурыз айындағы үздік қызметкерлер: Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Әлібек Бегалин; Студенттер мәдениет үйінің бас маманы Гүлсин Бейсенбаева; П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты директорының мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Елена Васильчук; Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институт директорының тәжірибе және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Нұргүл Жамангузова; Педагогика және психология кафедрасының оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айсылу Жетписбаева; Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы Ульяна Капитанец; Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Марқабаева; П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табулденов; Инновациялық инжиниринг зертханасының аға инженері Евгений Черняк.

Қабылдау комиссиясы