object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 02:50:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университет түлектерінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен кездесуі

Мансап және жұмыспен қамту орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған 2021 жылғы түлектер үшін онлайн-кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған азаматтарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін міндетті түрде үш жыл жұмыс істеуі керек.

Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері міндетті үш жылдық жұмыс бойынша егжей-тегжейлі түсіндіріп, онлайн-кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Онлайн-отырысқа докторанттар, магистранттар, басқа санаттағы грант иегерлері: ауылдық квота, Серпін бағдарламасы бойынша оқыған студенттер, педагогикалық мамандықтың студенттері, сонымен қатар оқытушылар, эдвайзерлер және өткен жылдардың түлектері қатысты.

Кездесу мазмұнды, әрі нәтижелі өтті.

Қабылдау комиссиясы