Алматыда 1 сәуір мен 5 сәуір аралығында өткен пауэрлифтингтен республикалық чемпионат аяқталды.
53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 3 орынды құқықтану мамандығының 4 курс студенті Әуез Әбілмансұр иеленді. Ал әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 3 курс студенті Валерия Кочина алтын медаль иегері атанды.
Жеңіске күнделікті жаттығулар мен Александр Белегов пен Игорь Шилов сияқты жаттықтырушылардың шеберлігінің арқасында қол жетті.
Бұл студенттер маусым айында Қостанайда өтетін Универсиадада университет намысын қорғайды.